×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"Ешкім үй-үйді араламайды": министрлік ит-мысықты автокөлікпен теңестірді

11.08.2023, 12:44
фото: ашық дереккөзден

Экология министрлігі үй жануарларын міндетті түрде чиптеуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким брифингте өз ведомствосының чиптелмеген үй жануарларын пәтер аралап тексеру туралы мәлімдемесін жоққа шығарды. Ол учаскелік инспекторлар "бұзушыларды", яғни 1 қыркүйекке дейін үй жануарларын есепке алмаған азаматтарды іздемейтініне сендірді.

Кимнің айтуынша, бұл жеке азаматтық жауапкершілік мәселесі.

- Бұл сіздің Конституциялық құқығыңыз, ешкімді үйге кіргізбеуге  қақыңыз бар. Бірақ қандай да бір бұзушылықтар анықталған кезде, мысалы, көршіңіз сіздің итіңіздің аулада қарғыбаусыз жүргеніне шағымданса, ит иесін анықтағаннан кейін жануарды тіркеу туралы сұрақ туындауы мүмкін, - деп түсіндірді ол.

Дегенмен, инспекторлар көшедегі жануарлардың иелеріне жүгініп, чиптің бар-жоғын сұрай алады.

- Иттің чипі бар-жоғын тексеру үшін сізде арнайы сканер болуы керек. Иесі ретінде сіз төлқұжатты басып шығарып, есепте екенін көрсете аласыз. Учаскелік инспектордың өкілеттігі бұл сұрақты қоюға мүмкіндік береді, - деп қосты Ким.

Сондай - ақ, брифингте шенеунік әлеуметтік желілерде наразылық тудырған сұраққа жауап берді – мемлекеттік органдар чиптің бағасын бақыламайды.

- Жалпы есепке қою ақылы. Бұл меншік иесінің міндеті, меншік иесі ретінде оны есепке алу шараларын қабылдауға міндетті. Мәселен, сіз көлік сатып алғанда оны тіркейсіз ғой.

Шенеунік мысықтар мен иттерді көлікке теңеді және олардың иелері дәл осы схема бойынша жануарларын өз аттарына тіркеуі керегін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйектен бастап қазақстандықтар үй жануарларын есепке қоюға, яғни оларды чиптеуге міндеттеледі.

Серіктес жаңалықтары