×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ақтөбеде балалардың апатқа ұшырауы: спорт мектебі басшысының орынбасары сотталды

11.08.2023, 13:45
Polisia.kz

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасарына үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс материалына сүйенсек, сотталушы 2022 жылы 17 желтоқсанда «Toyota Estima» автокөлігімен Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына шыққан. Автокөлік салонында жаттықтырушы және спорт мектебінің 2010-2011 жылы туған тоғыз оқушысы болған. Жолда жүргізуші қауіпсіздікті сақтамай, қарсы бағытқа шығып, екі рет аударылған. Жол-көлік оқиғасынан 2 балаға орташа ауыр, 4 балаға және спортшылардың жаттықтырушысына ауыр дәрежедегі зиян келтірілген. Ал, 1 бала оқиға орнында қаза тапқан.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. Прокурор 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы сотқа дейін ерікті түрде жәбірленушілерге келтіріген моральдық зиян есебінде ақшалай өтемақы төлеген. Сот үкімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жаттықтырушы пайдасына 5 миллион теңге моральдық зиян өндірілді, - деп хабарлады Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, оқиға былтыр желтоқсан айында болды. Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68-шақырымында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны жүргізген «Toyota Estima» автокөлігі аударылды. Көлік ішінде 11 адам болған.

Серіктес жаңалықтары