×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Жаңбыр, тұман, найзағай: демалыс күндері ауа райы қандай болады

11.08.2023, 15:09
Жаңбыр, тұман, найзағай: демалыс күндері ауа райы қандай болады
фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 12-13 тамызына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазгидромет” мәліметінше, оңтүстік циклон Қазақстанға тұрақсыз ауа райы жағдайын әкеледі. Синоптиктердің болжауынша, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ара-тұра қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді. Найзағай кезінде екпінді жел болуы мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстікте, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде күн ашық болады.

12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында – 42 градусқа дейін қатты ыстық болады, ал Қазақстан Республикасының солтүстік, шығыс және орталық облыстарында күн суытып, ауа температурасы 12-20 градусқа дейін төмендейді, еліміздің оңтүстік-шығысында ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 20-28 градус аралығында болады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстанның үш өңірі қуаңшылық зардабын тартуы мүмкін екені хабарланған.