×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Думан Мұхаметкәрімді қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды

12.08.2023, 12:25
Думан Мұхаметкәрімді қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды
Фото: Ulysmedia.kz

Белсенді журналист Думан Мұхаметкәрімді қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық бөлімшесі) журналист Думан Мұхамтекәрімнің Талдықорғандағы тергеу изоляторында денсаулығының нашарлауы туралы ақпаратқа реакция білдірген болатын.

"Талдықорғандағы тергеу изоляторында қамауда отырған Мұхаметкәрім емхана дәрігерлеріне мерзімді түрде тексеруден өтіп, оның қорытындысы бойынша денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп танылды. Сонымен қатар Медициналық қызметкерлер тергелетін адамның денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізеді», - делінген хабарламада.

ІІД көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жауапкершілікті көздейтінін еске салды.

Айта кетейік, депутаттыққа экс-үміткер Думан Мұхаметкәрім биыл үшінші рет тергеу изоляторына жабылып, аштық жариялаған болатын. Оның ата-анасы да аштық жариялаған.