×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Гүл дүкеніндегі оқиға: полиция қызметкерлерін тергеу басталды

13.08.2023, 12:19
Ашық дереккөз

Шымкенттегі гүл дүкенінде орын алған оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалады, тергеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

“Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің "ROMANTIC" гүл салоны мен "Eldorado" ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерді.

Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп жазды ІІМ-нен.

Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі "Салғырттық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады.

Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ететін болады.

Серіктес жаңалықтары