Исламға қарсы және әсіреұлтшыл «Даниялық патриоттар» тобының мүшелері Копенгагенде Түркия мен Ирактың Құран кітабын тағы да өртеп жіберді. Бұл туралы irna.ir сайтына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.
Қасиетті кітапты қорлау полиция қызметкерлерінің бақылауы мен қорғауында болғаны мәлім болды.
Белсенділер Исламға қарсы ұрандар айтып, Құранды өртеп жіберді.
Еске салайық, қаңтар айының соңында Данияның исламға қарсы «Страм Курс» («Қатаң курс») партиясының жетекшісі Расмус Палудан Стокгольмдегі түрік елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберген болатын. Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған былтыр мамырда НАТО-ға мүшелікке өтініш берген Швециядан бұл мәселеде Анкарадан қолдау күтпеуді сұрады.
Бұған дейін швед полициясы шілденің 15-і күні Израиль елшілігінің жанында Таурат пен Інжілді өртеген шеру өткізуге рұқсат берген. Акцияға 30 жастағы ер адам өтініш білдірген. Ол манифест Стокгольмдегі мешіт жанында Құранның өртелуіне жауап және сөз бостандығы үшін бас қосу болатынын баса айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Құранды өртеу әрекеттері туралы не айтқанын мына жерден оқыңыз.