×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

МАЭК-тегі апат: маңғыстаулықтарға жарық шектеумен беріледі

14.08.2023, 09:07
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының бірқатар елді мекендерінде электр энергиясын "тиімді" ажырату әдісі қолданылатын болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“13 тамызда №3 энергоблоктың авариялық жөндеуде болуына және «МАЭК» ЖШС электр станциясында №1 ЖЭС энергоблогының тоқтауына байланысты «КЕГОК» АҚ Ұлттық диспетчерлік орталығы диспетчерінің келісімімен электр энергиясын тұтынуға ішінара шектеулер енгізілді”, – делінген хабарламада.

Өңірде жедел штаб ашылды. Жедел штабтың құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдері кірді.

“13-14 тамызға қараған түні жедел штаб жұмысы барысында бірінші санаттағы объектілерді (Әлеуметтік және денсаулық сақтау объектілері) электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Өңірдің елді мекендерін электр энергиясымен пропорционалды қамтамасыз ету үшін уақытша ажыратуды "тиімді" тәсілмен қолдану туралы шешім қабылданды. Бұл, аймақтарға сәйкес, тұтынылатын энергия көлемін шектеу мақсатында тұтынушыларды 3-тен 5 сағатқа дейінгі электр желісінен циклдік ажырату жүргізілетінін білдіреді”, – деп мәлім етті облыс әкімдігі.

Бұл шара «МАЭК» энергоблоктарындағы апат жойылғанға дейін жалғасады.

Ірі өнеркәсіптік нысандарға берілетін электр энергиясына да шектеу қойылмақ. Жедел штаб электр энергияны тез арада қалпына келтіру мақсатында бірқатар шараларды қабылдауда.

Еске салайық, өткен демалыстарда МАЭК-те тағы да апат болды. Салдарынан үшінші энергоблок өшіп қалды. Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары жарықсыз қалды. 

Серіктес жаңалықтары