×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Энергетика министрлігі Ресей және Өзбекстанмен "газ одағы" құрылғанын жоққа шығарды

14.08.2023, 16:29
Энергетика министрлігі Ресей және Өзбекстанмен "газ одағы" құрылғанын жоққа шығарды
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі Қазақстан, Ресей және Өзбекстан арасындағы газ саласындағы үшжақты ынтымақтастық туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство "Газ одағын" құру туралы бастама Ресей тарапынан 2022 жылдың қарашасында айтылғанын еске салды.

"Ресейден де, Өзбастан тарапынан да ресми ұсыныстар түскен жоқ. Аталған елдермен газ саласындағы ынтымақтастық екі жақты форматта өзара тиімді әріптестік қатынастар негізінде жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Министрлік атап өткендей, "Қазақстан газ тасымалдау жүйесінің Өзбекстан бағытында Ресей газының транзиті бойынша бос қуаты бар екенін ескере отырып, ҚР Үкіметі мен "Газпром" ЖАҚ арасында "Орта Азия – Орталық" магистральдық газ құбырын Ресей Федерациясынан Өзбекстанға газ тасымалдауға дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды".

"Осылайша, бүгінгі күні Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау үшін "Орта Азия-Орталық" газ құбырының қазақстандық учаскесін техникалық дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде, оны аяқтау 1 қазанда жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында Ресей Өзбекстан мен Қазақстанға "үштік газ одағын" құруды ұсынды. Екі мемлекет әуелде бұл ұсыныстан бас тартқаны хабарланған. Алайда 2023 жылдың қаңтарында Қазақстан және Өзбекстан энергетика министрліктері "Газпроммен" ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Бұдан бұрын  РФ СІМ экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Дмитрий Биричевский Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның газ одағы кеңейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді.