Оңтүстік Кореяда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған Қазақстан азаматы этникалық корей екені және көптеген жылдар бойы тарихи отанында тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 12 тамызда Оңтүстік Кореяда болған оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді.
Оңтүстіккореялық БАҚ 50 жастағы қазақстандық Сеулде автобус жүргізушісіне шабуыл жасағанын хабарлады.
"Біз оның тарихи отанында ұзақ жылдан бері тұратынын, сол жерде бизнеспен айналысқанын анықтадық. Оған этникалық виза берілген – этникалық корей, ұзақ уақыт бойы жұбайымен бірге сонда тұрады. 2020 жылдан бастап ол мамандандырылған ауруханада стационарлық ем қабылдаған. Оқиға болған кезде әйел дәрі-дәрмектердің ықпалында болған шығар. Ол сол жерде ауыр ем қабылдап жатыр", - деп жауап берді Смадияров журналистерге.
Сыртқы саясат ведомствосының өкілі қазақстандық консул таяу күндері әйелге барып, мәселені бақылауда ұстайтынын атап өтті.
Еске салайық, бұдан бұрын 50 жастағы қазақстандық автобусты басып алып, жүргізушіні пышақпен жарақаттағаны хабарланған. Автобус жүргізушісі жеңіл жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға түсті. Оқиға болған кезде автобуста жолаушылар болмаған.