×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

"Биноммен салыстырмаңыздар": Samruk-Kazyna Construction "жайлы мектептер" құрылысы жайлы

16.08.2023, 14:28
"Биноммен салыстырмаңыздар": Samruk-Kazyna Construction "жайлы мектептер" құрылысы жайлы
Фото Samruk-Kazyna Construction

Samruk-Kazyna Construction АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов "жайлы мектептерде" Бином мектептеріндегідей инфрақұрылымдық проблемалар болмайтынына сендірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Баспасөз мәслихаты барысында журналистер әкімдіктердің "Жайлы мектеп" жобасы аясында 369 мектептің алдағы құрылысын инженерлік желілермен қамтамасыз етуге қаншалықты дайын екені жайлы сұрады. Атап айтқанда, БАҚ өкілдері елордалық оқушылар BI Group салған жаңа Бином мектептеріне бару үшін балшық кешуге мәжбүр болғанын еске салды. Мәселе әкімдіктің мектеп оқушыларын, ата-аналар мен мұғалімдерді кірме жолдармен уақытында қамтамасыз ете алмауынан туындады.

Мәулен Айманбетов барлық өңірлерді үш рет аралап, әкімдердің жобаны жақсы түсінгеніне көз жеткізгенін айтты.

"Барлық өңірлер әкімдіктері түсінеді. Желілер, төрт жолақты аялдамалар, тұрақ орындары, кіреберістерге арналған "қалталар" – бәрі болады. Егер қарапайым мектептерде кіреберісті екі жағынан қамтамасыз ету талабы болса, бізде төрт жақты болады. Кептеліс жоқ. Брусчатка, асфальт, жарықтандыру орнату тапсырылды. Биноммен салыстыру болмағанын қалаймын. Біз барлық бағыттар бойынша ауқымды жұмыс істейміз, шынында да жайлылық болуы керек. Егер жол болмаса,  жайлылық туралы қалай сөз қозғауға болады?! Біз өз жобаларымызда бұған жол бермейміз", – деді Samruk-Kazyna Construction АҚ басшысы.

Мәулен Айманбетов қазір "Жайлы мектеп" жобасын нақтылау процесі жүріп жатқанын айтты. Содан кейін олар құрылысқа көшеді. Ол құрылыс процесі тұраламайтынына сендірді. 

Бұған дейін Samruk-Kazyna Construction басшысы жобаны оңтайландыруды түсіндіріп, компания басшылығының жалақы мөлшерін жария еткен.