×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Полиция Руза Бейсенбайтегіне қатысты әкімшілік іс қозғалғанын растады

12.10.2021, 17:48
Полиция Руза Бейсенбайтегіне қатысты әкімшілік іс қозғалғанын растады
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарлық белсенді, тіл жанашыры, қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етіп жүрген Руза Бейсенбайтегі қамауға алынғаны хабарланды. Бұл туралы бұған дейін құқыққорғаушы Руслан Түсіпбеков өзінің фейсбук парақшасында мәлім еткен еді. Павлодар облысының полиция департаменті де бұл жөнінде бүгін ақпарат таратты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ұсталуының себебі не? Нақты не жүктелді? Расымен де көші-қон полициясынан мемлекеттік тілде ақпарат беруді талап еткені үшін бе?», – деп жазды Руслан Түсіпбеков.

Бұдан соң әлеуметтік желі қолданушылары тіл жанашырын босатуды талап ете бастады. Босатуды сұрағандардың арасында саясаттанушы, Ұлттық кеңес мүшесі Мұхтар Тайжан да бар. 

Дегенмен Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған ақпарды растамады.

«2021 жылғы 07 қазанда сағат 15.25 шамасында Павлодар қаласының Павлов көшесі 48 мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО ғимаратында қала тұрғыны ХҚКО қызметкерлерімен жанжал шығарды. Бұл ретте ХҚКО маманына қатысты қорлайтын сөздер айтып, өтініштердің үлгілерін шашып тастаған. Бұл факті тіркелді және 1958 жылы туған қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал қарау үшін Павлодар қаласының мамандандырылған сотына жіберілді. 2021 жылғы 12 қазанда  сағат 13.30-да қала тұрғыны сот отырысына онлайн-режимінде қатысу үшін Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөліміне жеткізілді. Сағат 17.15-те адвокаттың өтініші бойынша сот отырысы 2021 жылғы 13 қазанға ауыстырылды», - деп хабарлады полиция департаментінен.

Таяуда Руза Бейсенбайтегі әлеуметтік желіге көші-қон полициясы қызметкерлерінің қазақша қызмет көрсетпегені жайында видео жариялаған. Артынша видеодағы адамдар тарапынан өзіне ақпараттық шабуыл жасалып жатқанын мәлім еткен болатын.