×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бензин тапшылығы: Қазақстан Ресей импортына қашанғы телміреді

17.08.2023, 16:30
фото: ашық дереккөзден

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстан Ресейден қанша тонна бензин импорттайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, көрші елден 45 мың тонна АИ-95 бензині жеткізіледі.

«Қазіргі сәтте «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымдарымен тиісті келісімшарт жасалған және импорт осы тамыз айынан жүзеге асырыла бастайды. Бірінші импорт шамамен 19 мың тонна болмақ», - деді ол.

Вице-министр бұл небәрі екі айға созылатын бір реттік акция екенін айтты.

«Қазанда Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 бензинін шығара бастаймыз», - деп сендірді ол.

Сонымен қатар, Аққенженов шекарадағы көлік кептелісіне байланысты жанармай тек айдың соңында жеткізілетінін атап өтті. Өйткені, мұнай өнімдерінен бөлек өзге де тауарларға импортталатындықтан, жүктеме көп.

Айта кетейік, бұдан бұрын Энергетика министрлігі елімізде бензин қоры қанша күнге жететінін айтқан.

Ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, МАЭК-тегі апат және мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуына байланысты елімізде мұнай өндірісінің көлемі айтарлықтай азайған. Жоспар бойынша Қазақстанда биыл 90,5 миллион тонна мұнай өндірілуі тиіс еді. Алайда, министрдің сөзінше, жыл соңына дейін мұнай өндірісі 1,5-2 миллион тоннаға дейін төмендеуі болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары