×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Азаптаулар мен заңсыз тергеулер: қазақстандықтар омбудсменге не жөнінде шағымданады

18.08.2023, 08:29
Азаптаулар мен заңсыз тергеулер: қазақстандықтар омбудсменге не жөнінде шағымданады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті және Ұлттық орталық қазақстандықтардың көбіне не жөнінде шағымданатын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылдың 6 айында ғана 2822 өтініш түскен.

Шағымдардың ең көп саны құқық қорғау органдарының әрекеттеріне түседі – 752 (27%) (әрекетсіздігіне). Негізінен, азаматтар айыптаумен келіспейді, қылмыстық қудалау органдарының іс жүргізу шешімдері мен әрекетсіздігіне, сотқа дейінгі тергеуді заңсыз бастауына, негізсіз ұстауына т.б. әрекеттерге, бұлтартпау шарасымен келіспей шағымданады.

Жылдан жылға сот шешімдеріне қатысты өтініштер саны азаймауда – 687 (24,3%). Өтініш берушілер қылмыстық істер бойынша сот актілерімен (530) (оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру мәселелері бойынша-113) және азаматтық істер бойынша шешімдермен (128) келіспейді.

Азаптау мен қатыгездікке қатысты 359 өтініш түсті (азаптау – 138, қатыгездік - 221). Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық мән-жайды тексеру үшін прокуратура органдарымен бірлесіп көмек көрсетеді, қажет болған жағдайларда өтініш берушілерді жеке қабылдау үшін жабық мекемелерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге барып, медициналық және өзге де көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды.

Еңбек құқығын қамтамасыз ету (132), денсаулықты сақтау (85), тұрғын үй құқықтары (82), әлеуметтік қамсыздандыру (52) мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілуде. Кәмелетке толмағандар (47) мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың (59) құқықтарына қатысты өтініштер ерекше назарда.

“Негізінен  қорғау құралдары мен әдістерін түсіндіру бойынша көмек көрсетіледі, 285 жағдайда істің оң шешілуіне қол жеткізілді. Атап айтқанда сотталған Т.өзіне қойылған талап-арызды төлеу үшін оны жұмыспен қамтамасыз етуді сұрады, бұл шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың өлшемдерінің бірі болып табылады. АҚҰО-ның көмегімен өтініш беруші жазасын өтеу орны бойынша жұмысқа орналастырылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл адам азаптағаны үшін күштік органдардың 17 қызметкері сотталды.