×
$
452.91
€
509.43
₽
5.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.91
€
509.43
₽
5.53

Қазақстандағы ең төмен жалақы алатын мамандықтар белгілі болды

Бүгін, 16:46
Қазақстандағы ең төмен жалақы алатын мамандықтар белгілі болды
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда 56 мамандық бойынша өңірлерге бөлінген жалақы деректерін жариялайтын Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, аспаздар ең аз жалақы алатын қызметкерлердің қатарында. 2026 жылғы сәуірде олардың орташа айлығы 192 626 теңге болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жалақы мөлшері жағынан аспаздарға ең жақын мамандық – балықшылар. Олардың орташа табысы 196 123 теңге. Одан кейін қамыр дайындаушылар (211 908 теңге), қосалқы жұмысшылар (217 448 теңге) және даяшылар (223 510 теңге) тұр.

Ал ұйым басшыларының орташа жалақысы 1,1 млн теңгеге жеткен. Бұл аспаздардың табысынан 5,7 есе көп. Медбикелер орта есеппен 264,6 мың теңге алады. Бұл аспаздардың жалақысынан 1,4 есе жоғары. Балабақша тәрбиешілерінің орташа айлығы – 271 мың теңге, сатушылардікі – 262 мың теңге.

2026 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге деңгейінде қалды. Демек, аспаздардың орташа табысы ең төменгі жалақыдан небәрі 2,3 есе жоғары.

Аспаздарға қай өңірде көп төлейді?

Аспаздардың ең төмен жалақысы Түркістан облысында тіркелген. Мұнда олардың орташа айлығы 145 987 теңге. Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 149 564 теңге, ал Жетісу облысында 153 237 теңге болған.

Аспаздарға ең жоғары жалақы Алматыда төленеді. Қалада олардың орташа айлығы 258 234 теңгеге жеткен. Астанада бұл көрсеткіш 256 718 теңге, Ұлытау облысында 256 485 теңге болған.

Осылайша, Алматыдағы аспаздар Түркістан облысындағы әріптестерінен 1,8 есе көп жалақы алады.

Контекст

Еске салайық, Ұлттық статистика бюросының сәуір айындағы деректеріне сәйкес, күзетшілердің жалақысы аспаздардан да төмен. Олардың орташа айлығы – 174 226 теңге.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі. Мұндай тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген.