×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Атыраулықтар Жайықтың жасыл түске боялғанын айтып дабыл қақты

18.08.2023, 12:06
әлеуметтік желіден

Атырау облысының тұрғындары әлеуметтік желілерге Жайық өзені жасыл түске боялғанын, ал жағалауда ақ көбік пайда болғанын айтып дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары құбылыстың себебін анықтауға кірісті.

“Осы мәселе бойынша департаменттің зертханалық-бақылау бөлімінің мамандары Көкарна, Балықшы ықшамаудандары тұсынан өтіп жатқан Жайық өзенінен зертханалық талдау үшін су сынамасын алды. Өзге ақпараттар қосымша хабарланады”, – делінген ведомство  мәліметінде.

Осыған ұқсас құбылыс туралы шілдеде Ресейдің Магнитогорск қаласының тұрғындары да хабарлаған. Олар Жайық жағасындағы су жасыл бояумен боялғандай өзгеше түскен енгенін айтты. Тұрғындар өзенге химиялық заттар төгілуі мүмкін деп болжаған. Бірақ мемлекеттік органдар сол кезде заттардың рұқсат етілген концентрация деңгейінің жоғарылауы анықталған жоқ деп мәлімдеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын "Қазмырыш" қалдықтары төгілген ШҚО-дағы өзеннің түсі күрт өзгерген еді.

Серіктес жаңалықтары