×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

"Қазмырыш" қалдықтары төгілген ШҚО-дағы өзеннің түсі күрт өзгерді – тексеру басталды

31.07.2023, 08:46
видеодан кадр

Риддер маңындағы Филипповка "Қазмырыш" ЖШС қалдықтарының төгілуі салдарынан сүтті реңкке боялды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 "Қазмырыш" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешенінің қалдық қоймасында құбырдың жарылуы орын алды. Қазіргі уақытта барлық технологиялық процестер тоқтатылды. Оқиға орнына экология департаментінің қызметкерлері мән-жайларды анықтау және ластану ошағын оқшаулау жөнінде шаралар қабылдау үшін жедел түрде барды”, – делінген ШҚО бойынша экология департаментінің хабарламасында.  

Ведомство қалдықтардың төгілуі тоқтағанын мәлім етті. Ал кәсіпорын қызметкерлері жерге төгілген қалдықтарды жинап, тоғанға шығарған.

Экологтар өзен экожүйесіне келтірілген зиянды бағалау үшін сынамалар алды.

"Қазмырышқа" қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру басталды.

Айта кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтарды Павлодар облысындағы қызғылт көлдің жағдайы алаңдатқан.

 

 

Серіктес жаңалықтары