×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Алматылық велосипедші тоғыз облысты аралайды

12.10.2021, 22:12
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық велосипедші Дамир Кушеев 5 мың шақырымды еңсеріп, 9 облысты аралауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған велошеруін саяхатшы бір жарым-екі айда аяқтамақ.

Дамир Кушеев бұған дейін Алматыдан Семейге 1200 шақырымдық жолды жаяу жүріп, елге танылған. Ол бұл сапарды «Абайға жол» деп атады. Дамир өзінің тағы бір ұзақ сапарын бүгін бастайды.

«Осы бастамам арқылы Қазақстанда бар мүмкіндігіңмен саяхат жасауға болатынын көрсеткім келеді. Сол арқылы елімізді, туған жеріміздің бай тарихы мен табиғатын тануға болады. Бұл салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, Қазақстанда велотуризмді дамытуды насихаттау дер едім», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары