×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Mail.Ru компаниясы атын өзгертеді

12.10.2021, 23:22
Mail.Ru компаниясы атын өзгертеді
Фото: ашық дереккөз

Mail.Ru Group-тің басшысы Борис Добродеев әлеуметтік желідегі онлайн-хабарда компания аты VK болып өзгеретінін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

lenta.ru-дың мәліметінше, ребрендинг процесінде Mail.Ru-дың бірнеше қызметінің атауы өзгертіледі. Топ-менеджердің айтуынша, VK – бұл «кең танылған және болашағы зор бренд», оны рунет аудиториясының 100 пайызы біледі, ал 67 пайызы әлеуметтік желіні күнделікті қолданады.

Добродеевтің пікірінше,  VK  брендінің басты артықшылықтарының бірі – үлкен аудитория, жастар арасында танымалдылық және әмбебаптылық.

«Компанияның бірыңғай бренді біздің экожүйе ұсынатын барлық мүмкіндіктерді көрсетеді: байланыс пен ойындар, білім беру (мектептен кәсіпке дейін), дәрі-дәрмектер мен азық-түлік жеткізу, такси, автокөлікті бөлісу және интернет-дүкендер және бизнестің барлық мүмкіндіктері», - дейді Добродеев.