×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

5 кеншінің өмірін қиған "Қазақстан" шахтасындағы өрт қасақана қойылғаны рас па

21.08.2023, 17:31
5 кеншінің өмірін қиған "Қазақстан" шахтасындағы өрт қасақана қойылғаны рас па
gov.kz

Кейбір ақпарат құралдарында «Қазақстан» шахтасы қасақана өртелді деген мәлімет тарады. Қарағанды облысының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазіргі кезде тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, өрттің себебін анықтайтын сараптамалар тағайындалды. Облыс тұрғындарынан ықтимал қауесет пен арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа жүгінуін сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.

Еске салайық, 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Бастапқыда апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 13-ке жеткені белгілі болды.

Өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кенші де қаза тапты.

Олар:

1. Денис Стешин, 1978 ж.т., жерасты туннельшісі, 4-разряд, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур, 1994 ж.т., жер асты электромонтері, 4-разряд, жұмыс өтілі 10 жыл;
3. Виктор Бургун, 1966 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюнков Виталий, 1965 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Илья Старовойт, 1996 ж.т., жер асты электромонтері, 3-разряд, жұмыс өтілі 4 жыл.

Шахтинск қаласының полициясы ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, апатқа жауапты басшылар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.