×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Су тапшылығы: Жамбылда қанша гектар егістік қурағаны белгілі болды

22.08.2023, 10:22
фото: ашық дереккөзден

Су тапшылығына байланысты Жамбыл облысында шамамен 7,8 мың гектар зардап шекті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қырғыз Республикасы жағынан судың аз келіп түсуіне байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша шамамен 7,8 мың гектар зардап шекті. Оның ішінде қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдың алаңы 1,2 мың гектарды құрайды. Өңірлік ауқымда төтенше жағдай жариялау және фермерлердің шығындарын жабу, республикалық бюджеттен субсидияны толық көлемде жеделдетіп төлеу және фермерлердің қайтаратын кредиттерінің мерзімдерін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді министр.

Қарашөкеевтің сөзінше, құрғақшылыққа байланысты дәнді дақылдар алқабының 7,5 пайызы нашар күйде.

Сондай-ақ, министр еліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

«Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын жалпы алаң 24 млн гектарды құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 651,8 мың гектарға көп. Қазіргі таңда оның 17,4 млн гектарынан дәнді дақылдар жиналады», - деді ол.

Айта кетейік, еліміздің оңтүстік өңірлері іс жүзінде көршілес елдің ресурстарына – Қырғызстаннан бастау алатын Шу және Талас өзендеріне тәуелді. Аймаққа барлық суармалы судың 85%-ы көршіден келеді.

Бұдан бұрын Жамбыл облысында трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуіне байланысты пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұрғаны хабарланған.

Жамбылдық фермерлер көршілерді трансшекаралық өзенде су қоймаларын салды деп айыптап, дабыл қақты. Екіжақты кездесу өткенмен тамыз айында су тапшылығы мәселесі шешіле қоймады. Қазақстандық фермерлердің наразылығына жауап ретінде қырғыз тарапы: «Қазақстанға су жеткізуде қиын жағдай туындады, қырғыз билігі өз ауылдары үшін суды үнемдеуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Қазақстанға су беруді тоқтату туралы шешім қабылданды», - деп жауап берді.

Экология министрі қырғызстандық шенеуніктердің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.

 

Серіктес жаңалықтары