×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Жамбылда су тапшылығы артты: он мыңдаған гектар егістік құрдымға кетуі мүмкін

11.08.2023, 09:42
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуіне байланысты пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экология министрлігінің мәліметінше, 9 тамызындағы жағдай бойынша Талас өзенінің бассейні бойынша Киров су қоймасының көлемі 32,48 млн. м3 құрады, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 144,8 млн.м3-ке аз (177,28 млн. м3).

“Талас өзенінің былтырғы жылдың тамыз айындағы кестелік көрсеткіш бойынша Қазақстанның қажеттілігі 45 м3 / сек құрайтын, іс жүзінде су берілмеген - 0 м3/сек. Қазіргі уақытта Қырғызстанның Талас БУВХ қызметімен "Жамбыл ГРЭС" АҚ жұмысын қолдау үшін су қоймасынан кемінде 5 м3/сек су беру туралы келіссөздер жүргізілуде, сондай-ақ Талас өзенінің арнасына экологиялық тазарту қарастырылып отыр. Сондай-ақ, Талас өзенінің арнасына судың түсуін ұлғайту мақсатында "Қазсушар" РМК филиалы мемлекеттік шекара бойында коллекторлық-дренаждық желілерді тазартуды жүргізеді, бұл Талас өзеніне судың түсуін 5-тен 8 м3/сек-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар егін шаруашылығындағы су мөлшерінің шығынын азайтуға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Талас су торабындағы су көлемі коллекторлық сулармен толтырғанның өзінде 7,26 м3/сек құрайды, пропорционалды үлестердегі су және су айналымы әдісімен Жамбыл және Байзақ аудандарына бөлінеді, Талас ауданы суарудан толығымен ажыратылып отыр.

Суармалы судың тапшылығын Байзақ, Талас және басқада Жамбыл аудандары тартып отыр, іс жүзінде Киров су қоймасынан судың жеткіліксіз жетуіне байланысты шамамен 4 мың га пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр.

Шу өзені бассейніндегі су Георгиев магистралі (ГМК), Колос, Шортөбе каналдары арқылы Қордай ауданына, Меркі ауданына ЗБЧК каналы арқылы беріледі.

“Биыл сумен қамтамасыз етудегі негізгі проблемасы Қордай ауданының ГМК каналы бойынша қалыптасты, оның қамтамасыз ету аймағы 28 мың гектар жер болатын. Тамыз айында бұл арнаның қажеттілігі 14 м3/сек құрады. Бірақ 26 маусымдағы кесте бойынша (мұнда 9 м3/сек тиесілі) іс жүзінде 7-ден 6 м3/сек-ке дейін, төменгі бағыт бойынша сараптық қателер көп болды. Ал 9 тамызда тұтыну 6,7 м3/сек құрады, және бұл шығынмен каналдың 60 км-ге су таратуды реттеу мүмкін болмады. Су тапшылығына байланысты Қордай ауданының Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қақпатас және Степное ауылдық округтері (шамамен 5 мың га) суарудан шығарылды”, – деп мәлім етті министрлік.

Меркі ауданының ЗБЧК каналы бойынша Қырғызстаннан соңғы 4-5 жыл ішінде су келмеуі салдарынан 10 мың гектарға жуық егістік өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл жағдайдан шығу үшін ЗБЧК арнасын Ішкі көз – Аспара өзенінен толтырып келген.

“Сумен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан сындарлы жағдайды ескере отырып және аталған аудандарда әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін ҚР Премьер-Министрі А. Смайыловтың тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды, сол шаруаны реттеу аясында ағымдағы жылдың 18-20 шілдесі аралығында Қордай, Байзақ және Талас аудандарының егіс алқаптарын визуалды тексерген болатын. Жалпы, визуалды тексеру Қырғыз Республикасы тарапынан суармалы судың жеткіліксіз түсуіне байланысты егістіктерде қалыптасқан қолайсыз жағдай туралы растады. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуінен зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы бөлу туралы ұсыныстар енгізілетін болады”, – деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары