×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"Саяси шешім қабылданды": Жамаубаев Митталдың Қазақстандағы тағдыры жайлы

22.08.2023, 11:43
Коллаж: Ulysmedia.kz

Вице-премьер-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "АрселорМиттал Теміртау" команиясының иесін ауыстыру жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет кулуарында тілшілер министрден “Арселорды” ресейлік “Север-Сталь” компаниясына сату ықтималдығы туралы сұрады.

"Сіздер бәрін естідіңіздер, мәлімдеме жасалды. Бұл мәселемен тікелей вице-премьер Скляр айналысады. Мұндай кәсіпорынның жұмысымен белгілі бір адамдар тобы айналысуы керек. Бұл маңызды келіссөздер процесі болуы керек. Сондықтан, егер әркім өз деңгейінде түсініктеме бергені дұрыс емес. Сонымен қатар, бұл келіссөздер процесіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан мәлімдеме жасалды. Саяси шешім қабылданды деп ойлаймын", - деді Жамаубаев.

Қаржы министрлігінің басшысы Қазақстан үшін инвестордың төлем қабілеті, белгілі бір ресурстарды инвестициялауы және өндірісті жаңғырту маңызды екенін атап өтті.

Жамаубаев қазіргі акционермен келіссөздер процесі әлі аяқталмағанын айтты.

Еске салайық, “Қазақстан” шахтасындағы апаттан кейін депутат Никита Шаталов Митталды елімізден қууды талап етті.

Бұдан бұрын Ulysmedia.kz  Лакшми Митталдың Қазақстанға қалай келгенін еске түсіріп, оның қалтасын толтыру үшін қарағандылық кеншілер неге өз өмірлерін құрбан етуге мәжбүр екенін сараптаған.

Серіктес жаңалықтары