×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

500-ден астам жүк көлігі қаңтарылып тұр: қазақ-қырғыз шекарасында не болып жатыр

22.08.2023, 14:02
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Қырғызстан шекара қызметіндегілер Қазақстан шекарадағы жүк көліктерін өткізбей қойғанын мәлімдеген еді. Қырғыз тарапынан ешқандай кедергі жоқ екені хабарланды.

«Кең-Бұлын-автожолдары» және "Ақ-Тілек" өткізу пункттерінде бірнеше күннен бері жүк көліктері қаңтарылып тұр. Қазір онда 500-ден астам жүк көлігі жиналып қалған. Күніне бірнеше жүк көлігі ғана өткізіледі. Жүргізушілердің айтуынша, ҚР тарапынан кеден Ресейдің, Беларусьтің, тіпті Қазақстанның жүк көліктерін өткізбейді.

Жүргізушілер жүк көліктерінің Қазақстанға кіргізілмеу себебіне қатысты түрлі нұсқа айтады. Олардың бірі бойынша, бұл Қырғызстанның Қазақстанға суармалы су жеткізуді тоқтатуына байланысты. Екінші нұсқа – қазақстандық шекарашылар есірткі тиелген өзбекстандық жүк көлігін іздеп жатыр деген болжам бар.

Айта кетейік, бұдан бұрын қазақ-қырғыз шекарасында көліктердің қаңтарылуы Астанадан комиссия келуімен түсіндірілген

Серіктес жаңалықтары