×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Атышулы «Алтын орда» базарында өрескел заңсыздықтар анықталды

23.08.2023, 08:54
Атышулы «Алтын орда» базарында өрескел заңсыздықтар анықталды
фото: ашық дереккөзден

 Алматы облысында «ALTYN ORDA NEW COMPANY» ЖШС-де хронометраждық зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, компанияда бақылау-касса машиналарын қолданбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырудың қосымша нүктелері анықталды (базарға кіру (қақпа) және бухгалтерия). Тексеру нәтижелері бойынша қосымша 4 бақылау-касса машинасы тіркелді.

“Бүгінгі таңда «Алтын Орда» сауда базарында түсіндіру жұмыстарының нәтижелерімен жеке кәсіпкерлер ретінде 742 салық төлеуші және осынша бақылау-касса машиналары ерікті түрде тіркелді. Одан бөлек, Алматы облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Алтын орда» базарында кәсіпкерлік қызметті салық органдарында тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша тақырыптық (рейдтік) тексеру жүргізілді. Рейд барысында 12 жеке тұлға анықталды. Материалдары сотқа жолданды”, – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері 3 салық төлеушініәкімшілік жауапкершілікке тартты:

- 1 салық төлеуші кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін;

- тауардың бағасын төмендетіп көрсетіп, аталған тауарды «Алтын орда» базарының аумағында өткізген 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Бас прокуратура және мемлекеттік органдардың тексеруі нәтижесінде “Алтын Орда” базарында санитариялық, ветеринариялық, экологиялық, су, еңбек, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, салықтық бақылау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласында 300-ден астам ҚР заңнамасы нормаларын бұзушылықтар анықталған болатын.