×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына Армения қатыспайтын болды

27.09.2022, 09:08
Фото: Ашық дереккөздерден

Армения әскерилері ҰҚШҰ аясындағы оқу-жаттығуларына қатысу үшін Қазақстанға келген жоқ. Бұл Армения мен Әзербайжан шекарасындағы жағдайға байланысты қабылданып отырған шешім, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Армян –Әзербайжан шекарасындағы Әзербайжан тарапынан жасалған агрессия салдарынан туындаған жағдайды ескере отырып, Армения Республикасының Қорғаныс министрлігі Армения Республикасының Қарулы Күштеріне жүктелген міндеттерді негізге ала отырып, Армения Республикасы Қарулы Күштері бөлімшелерінің ҰҚШҰ аясында Қазақстанда өткізіліп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады", – делінген Армения Қорғаныс ведомствосының жауабында. 

Еске салсақ, Қазақстандағы оқу-жаттығу жиындары Жамбыл және Алматы облысында 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.