×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қайрат Боранбаевқа үкім шықты

31.03.2023, 16:12
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанада Дариға Назарбаеваның экс-құдасы Қайрат Боранбаевқа үкім шықты, ол сыбайластарымен бірге 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейінгі сот отырысында прокурор Боранбаевты 8 жылға соттауды сұраған еді.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы «АзияГаз Чунджа» бас директоры болған Роман Наханов пен QazaqGaz басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақты да  8 жылға бас бостандығынан айыру керегін айтқан.

Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаевтың ісі сотта былтыр желтоқсаннан бастап қарала бастады. Тергеу нұсқасы бойынша, 2019 жылы Қайрат Боранбаев, Роман Наханов, Тайыр Жанұзақ пен Ибулла Серді өздерінің бақылауындағы «АзияГаз Чунджа» ЖШС арқылы Qazaq Gaz ұлттық компаниясынан (бұрынғы ҚазТрансГаз) газ тасымалдау кезінде қаражат жымқырған. Істе прокурорлар жымқырылған сома көлемі 14,5 млрд теңге екенін айтады.

Үш айыпталушы – Қайрат Боранбаев, Роман Наханов, Тайыр Жанұзақ өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ибулла Серді шет елдердің бірінде былтырдан бері бой тасалап жүр.

Сот отырыстарының біріне Қайрат Боранбаевты қолдауға Мәскеуден МУЗ-ТВ басшысы Арман Дәулетияров, Алматыдан әншілер Байғали Серкебаев пен Нағима Есқалиева келген. Танымал куәгерлер соттан Боранбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуді, оны қамаудан үйқамаққа жіберуді өтініп, керек болса ол үшін кепіл бола алатындарын айтқан болатын.

Сондай-ақ, куәгер ретінде «АзияГаз Чунджа» компаниясының заңгері Эльмира Баттал жауап беріп, мемлекеттік органдар компанияға әртүрлі қысым көрсетіп, айыппұл салып, газ нарығынан ысырғалы жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұлай кете берсе АзияГаз Чунджа компаниясы банкротқа ұшырайды.

Серіктес жаңалықтары