×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Тағы да қымбатшылық: Қазақстанда сүт бағасы қаншалықты өсті

25.08.2023, 12:07
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бір жыл ішінде 7%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

2023 жылғы 22 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

  • Сүзбе – 2066 тг/кг;
  • Сүт 2,5% – 374 тг/л;
  • Сәбіз – 196 тг/кг;
  • Қырыққабат – 169 тг/кг.

Айта кетейік, Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.

Жуырда депутат Мәди Тәкиев қазақстандықтардың жалақысының күнделікті қажеттіліктерінен артылмайтынын мәлімдеген.

Ал оның әріптесі Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанның миллионнан астам тұрғыны кедейлік шегінен төмен өмір сүреді.

Серіктес жаңалықтары