×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Депутаттар демалыстан оралды: 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырыс өтеді

28.08.2023, 10:13
Депутаттар демалыстан оралды: 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырыс өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.

Еске салайық, 30 маусымда сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылып, депутаттар каникулға кеткен.

Бұдан бұрын демалысқа шыққан мәжілісмендер немен айналысып жүргені хабарланған.