×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

“Тәжіктердің қарбызы тәтті екен”: шенеуніктер астаналықтардың көрмедегі жемістерге тап беруі жайлы

28.08.2023, 13:31
видеодан кадр

Астана қалалық инвестиция және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев елордадағы тәжіктер әкелген “жеміс-жидек хаосына” қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тілшіміз шенеуніктен халықтың жеміске жапатармағай тап беруіне отандастарымыздың аштығы себеп емес пе сұраған.

Жаңабаевтың сөзінше, тұрғындарға көрмеге қойылған жемістерді тәжік фермерлері таратқан.

Ол Тәжікстанның мәдениет күндері аясында фермерлер 300-ден астам ауылшаруашылық кәсіпорындарынан 1000 тоннадан астам өнім әкелгенін атап өтті.

 

"Шынында да, адамдар тауарды үйлеріне алып кетті. Бірақ бұл біздің тәжікстандық әріптестеріміздің қалауы болды, олар тауарды алуға рұқсат берді, өйткені алыстан жеткізілген өнімдер күннің астында шіріп кетуі мүмкін еді. Түрлі тауарлар әкелінді. Бүгінде бізге Тәжікстаннан қарбыз әкелінбейді, өйткені тасымалдау өте қымбат. Сондықтан адамдар Тәжікстанның тәтті қарбызы мен тәтті қауынының дәмін татуға қызығушылық танытты", - деді қала әкімшілігінің өкілі.

Мақсат Жаңабаев Тәжікстаннан келген жемістерден дәм татып көргенін және өнімдерден ауыз тигісі келген қазақстандықтардың қызығушылығын жақсы түсінетінін айтты.

"Негізінде, іс-шара өте жақсы өтті, төбелес немесе басқа да келеңсіз оқиғалар болған жоқ. Олар екі күн ішінде 1000 тонна өнім сатты, бір бөлігін ақшаға сатты, бір бқлігін адамдарға тегін үлестірді",-деді ол.

Жаңабаев жемістерден жасалған пирамидаларға өрмелеген Қазақстан азаматтары емес, жергілікті тұрғындарға өнімдерді алып бергісі келген ұйымдастырушылардың өздері екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері Қазақстанда Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі өтті. ЭКСПО аумағында ұйымдастырылған көрмеде жемістерге жапатармағай ұмтылған қала тұрғындарының әрекеті желіде қызу талқыланған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары