Алматыда Mercedes көлігі автобус аялдамасына соғылып, салдарынан жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Апат жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Полиция мәліметінше, оқиға 28 тамызда 12:20 шамасында болған.
1987 жылы туған көлік жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып, Райымбек даңғылына бұрылғанда тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан аялдамаға соғылыпты.
"Жол апаты салдарынан 7 адам жарақат алды. Олар қаладағы медицина мекемесіне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді", – делінген полиция хабарламасында.
Айта кетейік, елімізде жол апатынан қаза тапқан балалар саны күрт өсті.