×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Бұл жерде қандай сенсация бар?": Сәтқалиев қызметкерлерінің 1 млн теңгеге кресло сатып алуы жайлы

29.08.2023, 11:22
Коллаж: Ulysmedia.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қоластындағы шенеуніктердің 1 млн теңгеге кресло сатып алуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын ақпарат құралдарында энергетика министрлігінің мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы 1 млн теңгеге кресло сатып алғаны жайлы мәлімет тараған. Үкімет кулуарында журналистер министрден бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

Сәтқалиев бұл жоспарланған сатып алу шарасы екенін мәлімдеді.

«Бұл жерде қандай сенсация бар? 1 млн теңгеге орындығы жарамсыз болып қалған қызметкерлерге 15 кресло сатып алынған. Ескірген орындықтар ауыстырылды», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ведомство басшысының сөзінше, әр креслоға 75 мың теңгеге сатып алынған.

«Қызметкерлерім берген мәліметі бойынша 9 жыл бойы пайдаланылған креслолар жаңаланды», - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сәтқалиевтің командасы "Самұрықта" 400 млн теңгеден астам сыйақы алғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары