×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

"Олардың өз таңдауы": Омбудсмен Жақыпова Астанада 5 қызы өртеніп кеткен отбасыға бармаған

29.08.2023, 16:17
"Олардың өз таңдауы": Омбудсмен Жақыпова Астанада 5 қызы өртеніп кеткен отбасыға бармаған
ОҚК

Қазақстан Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпова осыдан үш жыл бұрын Астанада Ситер отбасының бес баласы өртеніп кеткен кезде жасаған мәлімдемесі үшін өзін кінәлі сезінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ulysmedia.kz тілшісі бұрынғы вице-министр Жақыповадан 2019 жылы қайғылы оқиға болған Ситер отбасына барған-бармағанын сұрады.

Омбудсмен өзінің бұрынғы қызметінен "Бұл олардың өз таңдауы" деген мәлімдемесінен кейінгі қоғамдық резонанс үшін емес, өз еркімен кеткенін айтты.

"Мен қызметімнен өз еркіммен кеттім. Жұбайымның денсаулығына байланысты оған күтім жасау керек болды. Бұл айыптау немесе қоғамның теріс пікірлері үшін емес. Контекстен жұлып алып,"Бұл олардың өз таңдауы болды" деп ұсынылуы – дұрыс емес", – деді экс-вице-министр.

Сондай-ақ, Жақыпова министрліктен кеткеннен кейін қайғылы оқиға болған отбасына бармағанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  вице-министрі Светлана Жақыпова көпбалалы ата-аналардың неліктен түнгі ауысымда жұмыс істеуге мәжбүр болғанын сұраған журналистерге  "бұл олардың өз таңдауы" деп жауап берген еді. Шенеуніктің бұл мәлімдемесі желіде сынға ұшырап, қызу талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Ситер отбасының үйінде өрт 2019 жылдың 4 ақпанына қараған түні болған. Отбасы елордалық Көктал-1 тұрғын алабында жалдамалы үйде тұрған. Өрт салдарынан 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бір отбасының 5 қызы қаза тапты. Жалын тұтанғанда балалар жалғыз болған, өйткені олардың ата-аналары түнгі ауысымда жұмыс істеген.

Болған оқиғадан кейін Ситер отбасына Астанада қайырымдылық жасаушылар қаржысына пәтер сатып алынды.