Алматыдағы мектептердің бірі "эстетикалық безендіруге" қазынаның 28 миллион теңгеге жуық қаржысын пайдалануды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әңгіме Алматы қаласы білім басқармасына қарасты "№46 гимназия" КММ туралы.
Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, аталған білім беру мекемесі көрсетілген соманы эстетикалық безендіруге қатысты қызметтерге жұмсауды жоспарлап отыр.
Техникалық сипаттамаға сәйкес, дизайнның негізгі элементі – фототүсқағаз болмақ.
Көрсетілген қызметтерді ұсынуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Айта кетейік, бұдан бұрын Атырау шенділері жәрмеңке ұйымдастыруға 100 млн теңгеге жуық қаржы жұмсағалы отырғаны хабарланған.