×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шенеуніктер 3,5 мың теңгенің сыйлық жиынтығын 18,4 млн теңгеге сатып алмақ болған

01.09.2023, 09:11
Шенеуніктер 3,5 мың теңгенің сыйлық жиынтығын 18,4 млн теңгеге сатып алмақ болған
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы 18,4 миллион теңгеге сыйлық жиынтығын сатып алғысы келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мемлекеттік сатып алулар порталындағы лотқа тексеру жүргізіп, шенділердің заңсыз әрекетін тоқтатты.

"Сатып алулардың бірыңғай терезесі" ақпараттық жүйесі көрсеткендей, осыған ұқсас жиынтықтардың орташа құны небәрі 3 500 теңге, яғни баға 525 373%-ға артық көрсетілген", – делінген хабарламада.

 

Антикор араласқаннан кейін басшылық сатып алу жоспарын нарықтық бағаға сәйкестендірді. Осылайша 18,4 миллион теңгенің ұтымсыз жұмсалуына жол берілген жоқ.

Жалпы, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бері облыстағы мемлекеттік органдардың сатып алулар порталына мониторинг жүргізу аясында 800 миллион теңгенің мақсатсыз жұмсалуын тоқтатқан.