×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Самұрықтағылар" ізімен: "ҚазМұнайГаз" басшысы да миллиондаған бонустар ала ма

01.09.2023, 16:57
"Самұрықтағылар" ізімен: "ҚазМұнайГаз" басшысы да миллиондаған бонустар ала ма
Коллаж: Ulysmedia.kz

"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев компаниядағы сыйақылар туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Самұрық-Қазына" топ-менеджменті миллиондаған теңге сыйақы алғанын атап өткен тілшілер Мырзағалиевтен қор өз қызметкерлеріне қазір қаншалықты жомарт екенін сұрады.

"Мен "Самұрық-Қазына " сыйақылары жайлы түсініктеме бере алмаймын. "ҚазМұнайГазға" келетін болсақ, біз әлі бонустар алған жоқпыз. Мен олардың соңғы рет қашан төленгенін де білмеймін. "Самұрық" бойынша кім шешім қабылдайтынын білмеймін. Директорлар кеңесі шығар...", - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сәтқалиевтің командасы "Самұрықта" 400 млн теңгеден астам сыйақы алғаны хабарланған.

"Самұрық-Қазына" топ-менеджменті алты адамнан тұрады. Командаға даму, қаржы, стратегия, активтерді басқару және басқа бағыттар бойынша әртүрлі басқарушы директорлар кіреді.

2023 жылдың сәуір айынан бастап қорды Нұрлан Жақыпов басқарады, ал Елжас Отыншиев Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор болды.