Алматы әкімдігі Орталық қалалық клиникалық ауруханасының басшысы Нариман Табынбаевтың денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы1 қыркүйектен бастап Серікжан Сабырәлиев Бақылаушы кеңес конкурс өткізгенге дейін атқарушы директор лауазымына қабылданғанын хабарлады.
Еске салайық, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаланың орталық клиникалық ауруханасында емделушілердің АИТВ жұқтырғанын 14 маусымда растаған.
Көп ұзамай осы факті бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеруді бастағаны хабарланды.
20 маусымда министрлік эпидемиологиялық тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады.
Ал 28 шілдеде науқастардың ауру жұқтыруына орта медициналық қызметкерлер кінәлі екені белгілі болды. Комиссия қорытындылары негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Н.Табынбаев жұмыстан шеттетілген.
Үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.