Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырған 536 келі мал еті жойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 716.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтағы халық арасында сібір жарасына күдікті 13 науқас тіркелген: Жарқайың (11 адам) және Есіл (2 адам) аудандарында. Олардың барлығы – Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында орналасқан «Үшқарасу» ЖШС жұмысшылары.
Адамдардың дерті ауру малдың етіне жанасу, кесу, союға қатысу, кәдеге жарату орнына тасымалдаумен байланысты. Науқастар Есіл орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Олармен байланыста болған 31 адам анықталды, барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Ал зертханалық зерттеуге 32 сынама алынды. Оның ішінде 21 ет сынамасы, 11 сынама және қоршаған орта объектілерінен 20 жағынды, оның ішінде 14 ет сынамасы ПТР оң нәтиже берді, яғни сібір жарасының ДНҚ-сы анықталды.
«Барлық тексерілген ошақтарда соңғы дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға шектеу шаралары енгізілді. 536 кг ет жойылды. Ет облыстан тыс жерлерге шығарылған жоқ. Инфекция ошағын жою жұмыстары жүргізілуде. Сібір жарасының ошағын локализациялау бойынша эпидемияға және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасуда», - деп жазды Денсаулық сақтау министрлігі.