×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Автобустар зираты": "Алматыэлектротранс" бюджеттің жүздеген миллионын шығындаған

04.09.2023, 11:25
Facebook

Алматыдағы "автобус зиратына" қатысты дау жалғасын тапты: "Алматыэлектротранс" компаниясы жүздеген миллион бюджет қаражатын төлегені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы құжаттарға сәйкес, тапсырыс беруші "Алматыэлектротранс" ЖШС 89 миллион теңгеге 595 автобусты тасымалдау қызметіне тапсырыс берген. Жеткізу мерзімі – 2021 жылғы 13 тамыздан 2 қыркүйекке дейін.

Гаухар Омарова құрылтайшысы болып табылатын Zhanarna LTD компаниясымен шарт жасалған.

Гаухар Омарова –  "Алматыэлектротранс" ЖШС-ке 320 млн теңгеге жер учаскесін жалға беретін Айдын Омаровтың әйелі.

Ашық деректерге сәйкес, 2021 жылы "Алматыэлектротранс" ЖШС Омаровқа 54 млн теңге төлеген, 2022 – 158 891 597 теңге.

Аталған сома автобустарды сақтау үшін төленген. Әңгіме қоғамдық наразылық тудырған “автобус зираты” туралы болып отыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жазбада автор қала шетінде қаңтарылып тұрған жүздеген автобустың көпшілігі кем дегенде он жыл жұмыс істеуге жарайтынын айтқан еді.

Көпшіліктің наразылығын тудырған мәселеге Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берген.

Серіктес жаңалықтары