×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шенеуніктер Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қанша қаржы жұмсалатынын білмейді

04.09.2023, 16:46
көрнекі фото

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қанша қаражат жұмсалғанын білмейтін болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жолы Астанада өтетін көшпенділер ойындар Қазақстанға қанша шығын әкелетінін білгісі келген тілшілердің сұрағына шенеунік жауап бере алмады.

"Өтінім берілді, бірақ ол әлі де қарастырылуда. Онда қанша сома көрсетілгені есімде жоқ. Біз жазбаша жауап береміз", - деп қысқа қайырды Байжанов.

Қазақстанның өтінімі әлдеқашан қолдау тапқан, спортшылар дайындалып жатыр, бірақ шараға қанша қаражат қаралғанын ол есте сақтамапты.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен, тіпті дәстүрлі түрде көшпелі өмір салтын ұстанбаған елдердің командалары да қатысады деп жоспарлануда. Жарыс қазақ күресі, көкпар, құсбегілік, асық ату, аударыспақ, тоғызқұмалақ сияқты қазақ ұлттық спорт түрлерінен, сондай-ақ шет елдерде кең танылған, бірақ тамыры біте қайнасқан басқа да спорт түрлерінен өтеді.

Серіктес жаңалықтары