×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Күштік органдар "Жаңа Шекара" кинофестиваліне қысым көрсетіп жатыр – ұйымдастырушылар

05.09.2023, 15:43
Күштік органдар "Жаңа Шекара" кинофестиваліне қысым көрсетіп жатыр – ұйымдастырушылар
instagram / jana.cekara

"Жаңа Шекара" кинофестивалінің ұйымдастырушылары ҚР күш органдары тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Біз Қазақстан Республикасының Конституциясында тыйым салынған цензураға ашық қарсымыз. Біздің фестиваль біздің қоғамға қажет және ол өтуі керек екеніне сенімдіміз, сондықтан біз фестивальді толығымен онлайн форматқа көшіруге мәжбүрміз. Бастапқыда біз үшін бұл тақырыпта көпшілік алдында сөйлей алмайтындардың дауысы болу маңызды болды, бірақ тәжірибе көрсеткендей, Шығыс Түркістандағы адам құқықтарын бұзу тақырыбы әлемнің көптеген авторитарлық елдерінде цензураға ұшырады, өкінішке орай, Қазақстан да ерекшелік болған жоқ. Біз сіздердің қолдауыңызды және осы ақпаратты таратуды сұраймыз, өйткені біздің фестиваль осы жұмада болуы керек еді”, – дейді ұйымдастырушылар.

8-9 қыркүйекке жоспарланған фестивальдің мақсаты – Шығыс Түркістан өмірі мен құқықтары үшін күрес туралы фестивальдік киноларды көрсету.

Құқыққорғау органдары әзірге бұл жағдайға  қатысты түсініктеме берген жоқ.