×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Құлыбаевтың компаниясына 1,6 млрд теңге айыппұл салынды

08.09.2023, 13:31
Коллаж: Ulysmedia.kz

«ТЭК-Қазақстан» сауда үйі» ЖШС-не қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша локомотивтерді жабдықтау бойынша қызметтер кешеніне монополиялық жоғары баға белгілеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2023 жылдың 20 сәуірінде Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Серіктестікке 1,6 млрд теңге сомасында әкімшілік айыппұл салды. 2023 жылғы 24 мамырда Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырды”, – делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында.

«ТЭК-Қазақстан» сауда үйі» ЖШС кәсіпкер Тимур Құлыбаевқа тиесілі.

Құлыбаев – "Кипрос" ЖШС-нің негізгі иесі, ол арқылы Emdeu Group, Joint Technologies, PetroRetail, Viled Group, ҚТЖ қызмет көрсететін "Қамқор Менеджмент" тобындағы үлестерге иелік етеді. "Кипрос" ЖШС құрамына сондай-ақ әскери ұшақтарды жөндеуге арналған мемлекеттік тапсырыстардың негізгі орындаушысы "Қазақстандық авиациялық индустрия" да кіреді. Бұдан бөлек, кәсіпкер Prime Aviation АҚ қазақстандық авиакомпаниясының 100%-ына иелік етеді. Құрылымына "Кристалл Менеджмент" АҚ-ның 51%-ы, "Каспий мұнай" АҚ-ның 100%-ы, "Шұбаркөл Премиум" АҚ-ның 67%-ы және басқа да компаниялар кіретін Joint Resources-ке жеке-дара иелік етеді. Жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге "Алмэкс Плюс" фирмасы" ЖШС және "Алмэкс "Холдингтік тобы" АҚ-ға иелік етеді, осы арқылы олар Halyk Bank-тің 69,52%-ын бақылайды.

Құлыбаев Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша ҚР-ның ең бай 50 кәсіпкері рейтингінде екінші орында тұр.

Серіктес жаңалықтары