×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

66 млрд теңгені тиімсіз жұмсадыңдар – сенатор Цойды сынға алды

14.10.2021, 12:35
66 млрд теңгені тиімсіз жұмсадыңдар – сенатор Цойды сынға алды
фото: Ашық дереккөзден

Сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында Денсаулық сақтау министрлігі және оған қарасты компаниялардың қызметіндегі заң талаптарын бұзу фактілерін атап өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сенатордың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек және медициналық өнімдерге арналған шығындарды жоспарлағанда маңызды көрсеткіштер жоқ немесе жоғары белгіленген бюджеттік өтінім негізінде жасаған. Жұмыстағы мұндай тәсіл 66 миллиардқа жуық бюджет теңгесінің тиімсіз жұмсалуына алып келді.

«2020 жылы 39 нозологияға шамамен 66 млрд теңге тиімсіз жұмсалды. Онда 6 нозология бойынша 26 млрд теңге көлемінде толық қаржыландырылмау аясында заң талаптарының осылай бұзылуына жол берілген. Кейіннен 2019-2020 жылдары «СК-Фармация» ЖШС сақтау қоймаларында 159 млн теңгенің препараттарының жарамдылық мерзімі өтіп кеткендіктен жойылуға жіберуге жатқызылды. Сонымен қатар, министрлік Ұлттық орталықтың есептеулері негізінде, сондай-ақ Кодекстің 76-бабына қарамастан дәрі-дәрмектің шекті бағасын көтеріп жіберген. Нәтижесінде дәрі-дәрмек өз құнынан 1,5 млрд теңгеге қымбатқа сатып алынды», - деді Андрей Лукин.

Сенатор сонымен қатар осы уақытқа дейін Қазақстанда мемлекеттік фармакопея бекітілмегенін хабарлады. Яғни, дәрілердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейтін құжат бізде әлі жоқ.

Сенатор осыған байланысты дәрілік заттарды жеткізушілер арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдерді әзірлеуге, пациенттер туралы мәліметтерге маңыз бере отырып анықтығын қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарға жауап беруді сұрады. Андрей Лукин сонымен қатар министрліктің бюджеттік өтінімін дайындау кезінде барлық медициналық ұйымдарға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті айқындаудың бірыңғай ережесін әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.