×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астық сапасына ауа райының қолайсыздығы қауіп төндіріп тұр

09.09.2023, 11:51
Астық сапасына ауа райының қолайсыздығы қауіп төндіріп тұр
Ашық дереккөз

Қазақстанның солтүстік облыстарында байқалатын ұзаққа созылған жаңбыр мен салқын ауа райы астық жинау сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның негізгі астықты аймақтарында, соның ішінде Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында соңғы екі аптада ұзаққа созылған жауын-шашын болды. Жаңбыр 17 қыркүйекке дейін жалғасады, үсік жүруі де мүмкін.

Бұл қолайсыз ауа райы жағдайлары дәнді дақылдың сапасына әсер етіп, көктеп шығуға және дән ылғалдылықтың жоғарылауына әкеледі. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров алдағы маусымда сапалы тұқым қорын қамтамасыз ету үшін ауа райының жағымсыз әсерін барынша азайтып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету қажеттігін айтты.

Қолайсыз ауа райынан келетін шығынды азайту үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі бірқатар шараларды ұсынды:

Астық қабылдау кәсіпорындары мен карантиндік қызметтерді астықты қабылдау кезінде тәулік бойы жұмыс істеуге көшіру.

Энергетика министрлігімен бірлесіп астықты кептіру үшін дизельдік отынның қосымша көлемін бөлу.

Қаржы институттары мен Азық-түлік корпорациясының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін несиелер мен лизинг мерзімін ұзарту мәселелерін қарастыру.

171 млрд теңге сомасында қаражатқа қосымша қажеттілікті ескере отырып, субсидиялар бойынша қарыздарды жабу үдерісін жеделдету.

Алдағы жылға шаруаларға сапалы тұқым қорын қалыптастыру.

8 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы астық жинау алқабының 28 пайызы жиналды, ол 4,8 миллион гектарды құрап, гектарынан орташа өнімділікпен 10 центнерден 4,8 миллион тонна астық жиналды.