×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қазақстанның үш қаласында жаңа тұрғын үйлер күрт қымбаттады

12.09.2023, 08:16
k7group.kz

Баспана нарығында бір жылда жаңа тұрғын үйлер бағасы 4,4% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 2,9% төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы тамызда 17% артқан.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтауда 18%, Семейде 16%, Павлодарда 15,5% қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында – Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары. Барлық әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлік деңгейін барынша жоғарылатты.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы тамыз 2023 жылғы шілдеге қарағанда) жаңа тұрғын үй бағалары өзгеріссіз қалды, пәтерлерді қайта сату 1,8% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі шілдемен салыстырғанда тамызда 2,3% өсті.

«Тұрғын үй бойынша мәміле жасасу көрсеткіші жыл басынан бері ең жоғары көрсеткішке жетіп, 2023 жылғы тамызда 38 810-ға жетті. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 10 141 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 28 669 мәміле жасалды. 2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда (34 225) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 13,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (6 679 – 18%) және Алматы (5 928 – 15,3%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (3 705 – 9,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 410 бірлік (1,1%)», - дейді мамандар.

2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда тамызда өсім, Ұлытау облысынан (-3,5%) басқа еліміздің барлық өңірінде тіркелді. Ал мәмілелер санының ең көп өсімі Солтүстік-Қазақстан (53%-ға), Жетісу (27,7%-ға) және Жамбыл (26,3%-ға) облыстарында байқалды.

«2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 12,7%-ға (3 225 мәмілеге) өсті. Тамыз айында пәтерлер бойынша барлығы 28 669 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 73,9%-ы. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, тамыз айында олардың жыл басынан ең көп саны ресімделді – 10 924. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (23,9%), Алматы (18,7%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,6%) тиесілі», - делінген зерттеуде.

2023 жылдың шілде айымен салыстырғанда, тамызда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 15,5%-ға ұлғайып (1 360 мәмілеге), 10 141-ді құрады. Батыс-Қазақстан (-16%) және Абай (-4%) облыстарын қоспағанда еліміздің барлық дерлік өңірінде оң динамика орын алды.

2023 жылдың тамызында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 8,8%-ға өсті, ол кезде 35 686 мәміле ресімделген болатын. Ең жоғары өсім көрсеткіші Солтүстік-Қазақстан облысында (80,4%-ға) байқалды. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Қызылорда облысында (-15,5%-ға) тіркелді. 2023ж. қаңтар-тамыз айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-тамыз айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда теріс динамика орын алды ( -29%).

Айта кетсек, бұдан бұрын сарапшы Алматыда алдағы 5 жылда баспана бағасы қалай құбылатынын айтқан.

Серіктес жаңалықтары