Атырау облысының Жылыой ауданында жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстық прокуратура мәліметінше, «Батыс Тех Инвест» ЖШС-нің жұмысшыларына еңбекақыларын төлемеу, сондай-ақ «ЖылыойСу» МКК-мен Теңіз кен орнында «ИнтерТаско» ЖШС-нің жұмысшыларына зейнетақы және әлеуметтік аударымдары жүргізілмеу жағдайлары анықталды.
“Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 180 жұмысшыға 32 млн теңге көлемінде еңбекақылары және 744 жұмысшыларға 48 млн теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдары өндірілді”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын "Шұбаркөл көмір" жұмысшылары әлеуметтік кепілдіктердің жоқтығына, еңбек жағдайларының нашарлығына және төмен жалақыға шағымданған.