×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңаөзен тұрғындары митингке шықты

12.09.2023, 16:01
Жаңаөзен тұрғындары митингке шықты
видеодан кадр

"Шаңырақ" шағынауданының тұрғындары екі үйде су заңсыз өшірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Су жоқтығына шағымданған тұрғындар өздерінің наразылықтарын білдіру үшін қалалық әкімдікке жиналды.

"Үйлерде су жоқ. Балаларға мектепке бару керек, тамақ пісіру керек. Біз сусыз қалай өмір сүреміз? Бізге су керек, суды қосыңдар!"- деп талап етті олар.

Жергілікті билік бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Құрметті қала тұрғындары, тексеру барысында белгісіз адамдар аталған жердің жертөлесіндегі ауыз су құбырын кесіп тастағаны анықталды. Тиісті жұмысты осы үйге жауапты коммуналдық қызметтер орындайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын жарықтың жоқтығына наразылық білдірген ақтаулықтар жолды жауып тастамақ болған.