×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Журналистерден "тығылу" ма: үкімет жаңа министрлерді онлайнға көшірді

13.09.2023, 09:03
Журналистерден "тығылу" ма: үкімет жаңа министрлерді онлайнға көшірді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстан үкіметі қайтадан жабыла түсті. Министрлер кабинетінің мүшелері енді отырысқа онлайн режимде қосылатын болады. Үкімет ғимаратына тек кейбір министрлер келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай шешім Қазақстан президенті үкімет құрамын толығымен жаңартқаннан кейін енгізіліп отыр.

Егер бұрын үкімет отырысына іс жүзінде барлық министрлер мен вице-премьерлер келген болса, енді ғимаратта күн тәртібі бойынша есеп беретін премьер-министрлер мен министрлер ғана болады.

Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мұндай шешімді "дебюрократизациямен" түсіндірді.

"Біз сіздерге министрлердің үкіметке келетін кестесін ұсынамыз, отырыстан кейін олар баспасөз конференциясына шығады",-деп түсіндірді үкіметтің баспасөз қызметінің басшысы Қанат Құлшыманов.

Үкімет отырысына келген журналистер бұл жаңалыққа наразылықтарын білдірді, өйткені бұған дейін үкімет БАҚ өкілдері министрлер кабинетінің мүшелеріне өзекті сұрақтар қоя алатын алаң болды. "Дебюрократизация" желеуімен министрлер кабинеті басшылығы жаңа министрлерді журналистердің өткір сауалдарынан алыстатуға тырысып жатқандай.