×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанда бензин бағасы күрт қымбаттады: энергетика министрлігі не дейді

15.09.2023, 08:17
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі Қостанайда бензиннің күрт қымбаттауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Қостанай тұрғындары жанармай бағасының өскеніне шағымданған болатын.

"Не деген сұмдық, бір аптадан астам уақыт бойы 95 бензин бағасы 287 теңге!!! Ешкім ештеңе айтпайды, бағаны ұстап отыр, төмендететін түрлері жоқ"

"Этаолон” жанармай құю стансасы. Аи 95 құны – 250 теңге... Біздің билік қайда қарап отыр??? Бағаның көтерілетіні туралы еш жерде айтылмаған, бензинді неге қымбаттатып жіберді?",- деп шағымданды азаматтар әлеуметтік желілерде.

Ведомство АИ-95 бензинінің құнын мемлекет реттемейтінін, сондықтан баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалатынын мәлімдеді.

"Бұл ретте елдегі АИ-95 жиынтық қорлары (мұнай базалары мен МӨЗ-де, жолда және импортта) жеткілікті және 57 мың тоннаны құрайды, бұл елдің 21 күндік қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қорлар ресурс ұстаушылардың өтінімдеріне және өндіріс көлеміне байланысты толтырылады", - деп хабарлады энергетика министрлігі.

Айта кетейік, Энергетика министрлігі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, МАЭК-тегі апат және мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуына байланысты елімізде мұнай өндірісінің көлемі айтарлықтай азайған. Жоспар бойынша Қазақстанда биыл 90,5 миллион тонна мұнай өндірілуі тиіс еді. Алайда, министрдің сөзінше, жыл соңына дейін мұнай өндірісі 1,5-2 миллион тоннаға дейін төмендеуі болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары