Қазақстанда спутниктік телевидение қалпына келтірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 16 қыркүйек күні сағат 10:11-де спутниктік хабар таратуды қалпына келтіру туралы ресми мәлімдеме жасады. Сондай-ақ мәлімдемеде осы төтенше жағдайға байланысты туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұралды.
Қазіргі уақытта басқа байланыс қызметтерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, сонымен қатар KazSat-3 ғарыш аппаратындағы бұл төтенше жағдайдың себептерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілуде.