×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Биліктің қысымына қарамастан «Жаңа шекара» кинофестивалі өтті

17.09.2023, 09:16
instagram / jana.cekara

Қазақстанда «Жаңа шекара» кинофестивалі өтті. Биліктің қысымына қарамастан, ұйымдастырушылар оны тек онлайн форматта өткізіп қана қоймай, көрерменге режиссерлермен және қоғам қайраткерлерімен жеке сөйлесуге, сондай-ақ фильмдердің талқылауына қатысуға қашықтан мүмкіндік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бастапқыда фестиваль 8-10 қыркүйек аралығында әдеттегі форматта өтуі керек еді, бірақ жоғарыдан келген қысымға байланысты алаңды беруі тиіс ұйым барлық келісімдерден бас тартуға шешім қабылдады. Осының салдарынан ұйымдастырушылар фильмдерді көрсету форматын өзгертуге мәжбүр болды.

Барлық премьералар фестивальдің ресми сайтында көрсетілді, содан кейін көрермендер фильмдердің онлайн талқылауына қатысуға шақырылды.

Картиналар ұйғырлардың, қазақтардың және Шыңжаңның басқа да байырғы халықтары өкілдерінің өміріне, сондай-ақ осы ұлттардың қандай қуғын-сүргінге ұшырағанына арналған.

Басты премьералардың бірі Мұқаддас Миджиттің Бастиен Эйзанмен бірлесіп түсірген «Никах» драмасы болды. Фильмнің басты тақырыбы – ұлттық салт-дәстүрге байланысты әйелдер құқығын шектеу.

Фильм көрсетілер алдында ұйғыр белсендісі Рушан Аббас сөз сөйледі. Оның айтуынша, Қытайдағы ұйғырлар мен мұсылмандардың құқықтарын шектеу, заңсыз тұтқындау, құл сату – геноцид. Ол қытайлықтармен күштеп некеге тұру, зарарсыздандыру, жасанды түсік жасату, балаларды отбасынан ажырату – өңірдегі өткір мәселе екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Жаңа Шекара» кинофестивалінің мақсаты – Шығыс Түркістанды Орталық Азияның бір бөлігі ретінде таныту, өзіндік ерекшелігін, тілін, мәдениетін және тарихын қалыптастыру. Ұйымдастырушылардың пікірінше, Шығыс Түркістан туралы ақпаратты кеңейтіп, қазіргі режиссерлер мен кино түсірушілердің деректі және көрнекі зерттеулерін талдау және талқылау үшін алаң құру қажет.

Серіктес жаңалықтары